Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Философияның қысқаша тарихы = A Brief history of philosophy from Socrates to Derrida
87.3я73
Д 37
Джонстон, Д.
Философияның қысқаша тарихы = A Brief history of philosophy from Socrates to Derrida [Мәтін] / Д. Джонстон ; [ауд.: Әбдірасылова Г. З., Нұрышева Г. Ж.]. – Астана : Ұлттық аударма бюросы, 
2018. – 216 б.
Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы

Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген.

Сондай-ақ жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ