Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы
87.3
А 46
Алтаев, Ж. 
Әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы = Аль-Фараби – великий мыслитель Востока [Мәтін] / Ж. Алтаев. – Алматы : Сардар, 2020. – 400 б.

Аталмыш монографияда «Екінші ұстаз» атанған, әлемдік мәдениет пен өркениеттің дамуына елеулі үлес қосқан Мұсылман ренессансы дәуірінің ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы қарастырылады. Энциклопедист-ғалым ретінде ол философия, этика, логика, музыка теориясы, математика, дін теориясы, мемлекет және құқық теориясы сияқты ғылым салаларын өз ойларымен жетілдірді. Кітапта әл-Фарабидің шығармашылығын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынды, сонымен қатар әл-Фарабидің философиясының ерекшеліктері мен оның Антика дәуірінің, сондай-ақ қазіргі заманғы ойшылдардың көзқарастарынан айырмашылығы көрсетілді. Ұлы ойшылдың онтологиялық, гносеологиялық, әлеуметтік-саяси, этикалық және антропологиялық көзқарастары егжей-тегжейлі зерделенді. Әл-Фарабидің метафилософиясы және дін философиясы ерекше назар аудартады. Ғұлама ойшылдың негізгі идеяларын компаративистикалық тұрғыда, яғни алдыңғы буын, қазіргі заманғы және жас буынның идеяларымен салыстырып, талдау арқылы көрсету еңбектің айрықша ерекшелігі болып табылады. Әл-Фарабидің идеяларын қазақстандық философияда зерттеу аса қызығушылық тудырады.

Кітап әл-Фарабидің философиясына және шығармашылық мұрасына қызығушылық танытатын жалпы оқырман қауымға ұсынылады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ