Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ұлттық қозғалыс сарбазы

63.3(5Қаз)61

Қ 60

Қойшыбаев, Б. 
    Ұлттық қозғалыс сарбазы [Мәтін] / Б. Қойшыбаев. – Алматы :  Дәуір, 2020. – 320 б. 

Жазушы, публицист, ғалым Бейбіт Қойшыбаевтың «Ұлттық қозғалыс сарбазы» атты рисәләсінің басты кейіпкері – XX ғасырдың басындағы көрнекті қоғам қайраткері Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев. Бұл тарихи туындыда оның және күрескерлік жолда халыққа қатар қызмет еткен үзеңгілестерінің ел мүддесін көздеген іс-әрекеттері, заман талабына сай қоғамдық-саяси ойды дамытудағы үлестері суреттелген.

Рисәлә үш бөлімнен тұрады. «Сөз басында» кейіпкерлердің өмір жолдары баяндалады. «Қилы кезең этюдтері» деп аталған негізгі бөлімде Бақытжан Қаратаев пен оның серіктерінің Алаш қозғалысының бастауында, ұлт-азаттық көтеріліс уақытында, 17-ші жылғы екі революция мен совет дәуірінде атқарған істері суреттеледі. Қайраткерлердің көзқарастарындағы қайшылықтар, алауыздықтар сыры сөз болады. «Сөз соңында» ұлттық қозғалыс тағдыры, Қаратаевтың өмір жолының тағылымы, бүгінгі күн көзқарасымен қарастырылады.

Бұл кітап, Алаш қозғалысының тарихымен әуестенетін жастарға, студенттер мен оқушыларға, зерттеушілерге, тарихшыларға, барлық Отан тарихымен әуестенетін жұртшылыққа арналады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ