Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ұлы дала ғұламаларының рухани-адамгершілік құндылықтары (VI - XX ғ.ғ.)

74.03(5Қаз)

А 94

Ахметов, Т. Ә.

   Ұлы дала ғұламаларының рухани-адамгершілік құндылықтары (VI - XX ғ.ғ.) [Мәтін] / Т. Ә. Ахметов. – Қостанай : ҚМПИ баспасы, 2016. - 275 б.

 

Зерттеу еңбек Ұлы далада орналасқан Қазақ еліндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуының бір жарым мың жылдық тарихын қамтиды. Орта ғасырлардағы көне түркі ескерткіштерінде тасқа қашалып жазылған Мәңгілік Ел идеясынан бастау алған патриоттық ой-пікірлер Қорқыт ата кітабында, Ұлы ұстаз Әл- Фарабидің тағылымдарында, Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінде», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметінде» жалғасын табатындығы ғылыми дәлелденеді.

Сонымен қатар, автор Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсаринның, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың рухани-адамгершілік идеяларын жан-жақты талдап, ағартушылық қызметтерінің қырларын ашқан.

Автор ортағасырлық ойшылдар мен ағартушы-педагогтардың ұрпақ тәрбиесіне байланысты ой-тұжырымдарын бүгінгі педагогика мен психология ғылымдарының талабы тұрғысынан зерттеп, ежелгі түркі дүниесіндегі тәлім-тәрбиелік тәжірибелердің қазақтың халықтық педагогикасымен тамырластығын дәлелдейді.

Кітап ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздарға, ата-аналарға, педагогика мен білім тарихын зерттеуші ғалымдарға арналған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ