Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Библиографиялық жұмыс: дәстүр және инновация» кітап көрмесі
19.09.2014

2014 жылдың 18-19 қыркүйегінде өткен «Сандық коммуникация дәуіріндегі библиографиялық инновациялар»  атты облыстық флеш-семинар аясында «Библиографиялық жұмыс: дәстүр және инновация» атты кітап көрмесі безендірілді.  

Алтын кілт ежелден бері библиографияның белгісі ретінде саналады. Белгілі библиографияны зерттеуші, библиографияның теорияшысы және практигі И.Г.Моргенштерннің «Библиография – барлық білімге қол жеткізетін, «ғасырлар сырын ашатын» кілт» деген сөзі библиограф мамандығының мәнін дәл көрсетеді.  

Пайдаланушылардың назарына библиографиялық жұмыс, библиография мамандығы жайындағы әдебиеттер ұсынылған. Библиографтар өз жұмыстарында дәстүрді жоғалтпай, жаңаны жасауды ұстанады және бұл әдебиеттерді іріктеуде көрініс тапқан. Олар библиографияның  тарихы мен қазіргі жағдайынан хабар беретін кәсіби мерзімді басылым мен кітаптар: анықтамалықтар мен құралдар, Р.А.Бердіғалиеваның,  Н.Қ.Дәулетованың,    И.Г.Моргенштерннің, Б.Т.Уткиннің, В.К.Степановтың, М.И.Вершининнің, М.Ю.Нещереттің және т.б. жұмыстары, «Ұлттық кітапхана», «Кітап патшалығы», «Мир библиографии», «Библиография», «Книголюб» журналдары, «Книжное обозрение» газеті.

Қазіргі кездің библиографиясы дәстүрлі библиографиялық сипаттама ғана емес, ол сондай-ақ кітап көрмесінде елеулі орын алған электронды каталогтар, виртуалды анықтамалық қызметтер, басқа да инновациялық әдістемелер, әдебиеттер болып табылады. 

Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің «Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегі», «Қостанай қ. кітапханалары жаздырып алатын журналдар мен газеттердің жинақты каталогы» өлкетану тақырыбындағы библиографиялық көрсеткіштері, жұртшылыққа жақсы таныс қостанайлық тұлғаларға арналған жеке көрсеткіштері секілді дәстүрлі қалыппен және электронды түрде шығарылған баспа өнімдері көрмеге келушілердің ерекше қызығушылықтарын туғызды.  

Кітап көрмесінің материалдары семинарды тыңдаушылардың, аудандық кітапханалардың библиографтарының ғана емес, сондай-ақ кітапхананың қатардағы пайдаланушыларының да назарын аударды.

 

Варинке З. А., библиограф-кеңесші


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ