Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сирек кітаптар қоры(Мұражай)
Құжаттар қоры

Кітапхананың әмбебап құжаттар қоры 2020 жылдың 1 қаңтар қарсаңында 516 121дананы құрап, оның 71170 данасы мемлекеттік тілде болды және бұл облыс аймағындағы ең ірі қор болып табылады.

Кітапхана қоры келесілерден тұрады:
• кітаптар - 418247,
• кітапшалар - 2820,
• мерзімдік басылымдар - 75660,
• ноталық басылымдар - 7393,
• аудиовизуалды материалдар (күйтабақтар, магниттік таспалар, диафильмдер) - 10666,
• электронды ақпарат тасығыштар - 1122,
• картографиялық басылымдар - 213,
• сирек басылымдар – 2062.

Сирек басылымдар

Кітапхана өзі жұмыс істеген жылдары қордың шын мәнінде інжуі болып табылатын, құндылығы жағынан теңдесі жоқ сирек басылымдарды жинақтауға қол жеткізді. Кітаптардың сирек қоры кітапты сақтау бөлімінің құрамына кіреді. Бұл басылымдарға жеке бөлме бөлініп, олар басқалардан бөлек ұсталады және мұқият күзетіледі. Қазіргі кезде қорда әрқайсы өзінше құнды 2039 астам кітап бар. Сирек қорда немесе кейбіреулер атап жүргендей «құнды қорда» бірнеше басылым жинақтары сақтаулы.


ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы