Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
2014 жыл – Шекспир жылы. Сәуірде барша әлем әлемге әйгілі, сондай-ақ әлі күнге жұмбақ болып келе жатқан драматургтың 450 жылдығын атап өтетін болады.
19.03.2014

Құрметті оқырмандар!

Көптеген адамдар бұл күнге шүбалана қарайды. Бұған ең біріншіден Шекспирдің туған күнінің белгісіздігі себеп болса, одан басқа құпиялар да жетіп жатыр. Бардтың қолжазбалары бізге жеткен жоқ. Ол бірде-бір пьесасын өз қолымен баспаға тапсырған емес. Оның небары алты қолтаңбасы, оның өзінде ресми құжаттарда ғана сақталған. Олардың өзі бұлдыр, бірде оқылса, бірде оқылмайды. Айтпақшы, атақты ағылшынның атының қалай жазылатынын әлі күнге ешкім білмейді. Ол Сакспер, Шакоспер, Шафтспер, Шакстаф, Чакспер болуы да мүмкін.Тек стратфордтық құжаттарда оның жиырма нұсқасы табылған. 

Оның есімі Шекспир ме, граф Ретленд немесе Оксфорд па, әлде І Елизавета ма – оның шынайы атын біздің білуіміз екіталай. Тек жалғыз шындық – оның шығармаларының адамзат тарихындағы үздік дүниелердің бірі екендігі даусыз. Ұрпақтар ауысып, мемлекеттер дүниеге келіп және қайта жоғалып жатыр, ал Ромео мен Джульетта сахна төрінен түспей келеді.

Біз өзімізге белгілі Шекспирді атап өту мақсатында екінші қабаттың фойесінде 5 сәуірден 5 шілдеге жұмыс істейтін «Айналар алдамасын, мен әлі шал емеспін» атты көрме ұйымдастырдық.

Қызығушылық танытқан барша тұрғындарды көрмені тамашалауға шақырамыз. Көрмеге келіңіздер, өздеріңізбен бірге достарыңыз бен таныстарыңызды да ала келіңіздер!


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ