Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қостанай қ. тұрғыны Владимир Евтушенконың «Сұлудың бәрі салынуы тиіс» атты жеке көрмесінің ашылуы
25.02.2014

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімінде 2014 жылдың 20 ақпаны күні «Өнердегі жаңа есімдер» жобасы аясында   Қостанай қ. тұрғыны Владимир Евтушенконың «Сұлудың бәрі салынуы тиіс» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.   

Владимир Евтушенко өзінің алғашқы көрмесін «Сұлудың бәрі салынуы тиіс» деп атады. Әрбір суретшінің оның ішкі әлемінің ашылуына мүмкіндік беретін өзінің шығармашылық өрісі бар екендігі белгілі. Владимир Евтушенко үшін табиғат көріністерін бейнелеу жанына ең жақын, оң жамбасына келетін дүние деуге болады. Оның суреттерінен қоршаған ортаның, жыл мезгілдерінің сан алуан сәтін, енді қайтып қайталанбас қас қағымдық көріністерін, күнде көріп жүрсең де байқалмаған сұлулығын, қиялыңа қанат бітірер әсемдігін көруге болады.  Көрмеге автордың 2012 жылдан бүгінгі күнге дейінгі аралықта салынған 29 жұмысы қойылған. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ