Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«М.Дулатов және ұлт руханияты» облыстық семинары Торғайда өтті
21.11.2010

Бірнеше жылдан бері Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК мемлекеттік тілдегі көшпелі семинарлар өткізіп келеді.  Кезекті семинар 2010 жылдың 08-10 қыркүйегі аралығында Жангелді ауданының Торғай кентінде өтті.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен республикалық деңгейде аталып өтілетін мерейтойлық күндердің қатарына жерлесіміз, қоғам қайраткері, белгілі қазақ жазушысы, ақын, түркітанушы, алғашқы қазақ романының авторы Міржақып Дулатовтың 125 жылдығын атап өту бекітілген.  «М.Дулатов және ұлт руханияты» семинарының тақырыбы осы шараға арналды.

Семинарға қалалық, аудандық кітапханалардың қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері шақырылып, барлығы 60 шақты кітапхана маманы қатысты.

Жергілікті әкімшілік семинарды ұйымдастырушыларға зор қолдау көрсетті.

Аталған шарада зерделі кеңес пен баяндамалар ортаға салынып,  көпшілік іс-шаралар көрсетілді және мұражайларға экскурсия жасалынды. Ұйымдастырылған шаралардың ішінен  «Ата рухымен тілдесу» әдеби вернисажын (Арқалық қ. № 2 ОӘҒК), «Қайта оралған есім» әдеби кешін (Амангелді ОКЖ), «Бақытсыз Жамал» театрландырылған қойылымын (Жанкелді ОКЖ) ерекше атап өтуге болады. Семинардың жұмысы «дөңгелек үстелмен» аяқталды.

«М.Дулатовтың рухани әлемі» кітапханалық керуені  «М.Дулатов және ұлт руханияты» облыстық семинарымен басталды. Бұл акция кітапты насихаттаудың түрлі жолдары мен әдістерін ұсынып, оны сырттай өткізуге кеңес берген кешенді шара болды. 

Кітапханалар аталған тақырып бойынша жұмыстар өткізулері тиіс. Жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК хабарлануы тиіс. Үздік деп танылған көпшілікке арналған шара «Кітапханалық керуеннің» жұмысын қорытындылауға арналған «Есімі елге оралған есім» оқырман конференциясына іріктеліп алынады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ