Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Мерекелік раут
13.11.2014
Қостанай облысындағы кітапхана ісінің 120 жылдығы мен Қостанай ОӘҒК Л.Н.Толстой атының берілгеніне 65 жыл толуын атап өтуге арналған Шаралар онкүндігі 13.11 мерекелік PR-раутпен аяқталды.
Кітапханада ертемен мерекелік ахуал байқалып тұрды: кешкі көйлек киген кітапхана қызметкерлері раутқа келген қонақтарды қарсы алып жүр, фойеде классикалық музыка ойнап тұр, даяшылар табақпен шампан тасып жүр. Кітапханамызды мерейтойлық күнімен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Л.А.Сероус, Қостанай қ. ОКЖ директоры А.Е.Сейдахметова мен Қостанай аудандық ОКЖ директоры Т.А.Ликаева құттықтады. Шараға қалалық және аудандық ОКЖ директорлары қатысты.
Лев Толстойдың «Анна Каренина», «Война и мир», «Детство», «Хаджи Мурат», «Мужик и огурцы» шығармалары бойынша бөлім қызметкерлерінің күшімен қойылған сахналық көріністер қонақтардың ерекше қызығушылықтарын тудырды. Шара мерекелік фуршетпен жалғасты.
Онкүндік аясында оқырмандарымыз бен кітапхана қонақтары ұлы классиктің шығармашылығымен танысуға және оның әдеби мұрасын өз көздерімен көрулеріне мүмкіндік алды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ