Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ақынмен болған әңгіме
20.05.2014

Қазақстандықтарды, қала тұрғындарын кітап оқуға шақыра отырып, оларды кітап оқуға ынталандыру, қызықтыру мақсатында кітапханамызда қостанайлық ақындармен түрлі қызықты кездесулер өткізіліп отырылады.
2014 ж. 20.05 сағат 15.00 қонақжайда «Не ставлю точку...» тақырыбымен кездесу болып өтті. Кездесудің кейіпкері – жерлесіміз, теңізші-сүңгуір қайық қызметкері, өртке қарсы қызметтің ардагері, спортшы, ақын Александр Владимирович Дробышев.
Кездесудің өткізілуіне кітапханаға сыйға тартылған «Құтқарушы қырандар» кітабы себеп болды. Бұл Қазақстанның барлық аймағында қызмет еткен жүзден астам ТЖ органдары қызметкерлерінің, ардагерлерінің қазақ және орыс тілінде жазылған көркем шығармалары енгізілген жинақ болып табылады. Кітап ТЖ министрлігі тарихында шығарылған алғашқы шығарылым және ол кәсіпке көрсетілген құрмет болып табылады. Біздің облысымыздан Александр Владимирович кірді.
Автор өзінің бірнеше шығармаларын оқыды. Ақынның бұрынғы әріптестері, Қостанай облысы ТЖД өртке қарсы қызметінің ардагерлері, достары, спортшылар, Қостанай облысы ІІД оқу орталығының тыңдаушылары А.Дробышевке құттықтауларын арнап, жүрек жарды тілектерін жеткізді.
Кездесу достық ахуалда өтті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ