Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Франция өкілдерімен кездесу
29.01.2014
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде «Французский альянс» ҚБ (Қазақ-француз мәдени орталығы, Қостанай қ.) Қостанай филиалы өкілдерінің және А.Байтұрсынов ат. ҚМУ аға оқытушысы А.Щербаковтың қатысуымен «Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыс» тақырыбына кездесу өткізілді. Кездесуге «Зерек» колледжінің 2 тобы шақырылды. Филиал директоры Г.К.Жаңбыршина мен Гренобль қ. келген француз орталығының тәжірибеден өтушісі магистрант Анаис Мурэ Қазақ-француз мәдени орталығының жұмысы туралы айтып берді. Г.К.Жаңбыршина, А.Сухова және француз магистранты кітапханаға француз суретшісі Доминик Сосоликтің (Дижон қ.) монотопия стилінде орындаған және А.М.Щербаков безендірген 20 жұмысын сыйға тартты.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ