«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты бағыттарының бірі «Қазақстанның киелі географиясы» болып табылады. Оны жүзеге асыру барысында Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі «Қостанай облысының киелі жерлері мен нысандары» библио-картасының тұсаукесерін өткізді. Библио-картада кітапханамыздың қорындағы осы тақырыпқа қатысты барлық жарияланымдарға сілтеме жасалған.
Тұсаукесер мектеп кітапханашылары мен Қостанай қ. ОКЖ кітапханашыларына арналған әдістемелік сағат түрінде өтті. Библиографиялық басылым көптеген әріптесіміздің қызығушылығын тудырды. Шараға арналып кітап көрмесі безендірілді.