Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ел беделін биіктетер ЕХРО» ашық микрофоны
07.09.2017

2017 жылдың 06 қыркүйегінде Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК әмбебап оқу залы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Ел беделін биіктетер ЕХРО» атты ашық микрофон өткізді. Шара қонақтары көрмеден алған әсерлерімен бөлісті және баяндамалардың барлығы көрсетіліммен сүйемелденді.

ҚР Журналистер одағының мүшесі Ағытаев Ибрагим көрмені тамашалау кезінде жүрегінен осындай әлемдік деңгейдегі көрмені жоғары деңгейде ұйымдастыра алған елі үшін мақтаныш сезімінің кетпегенін жеткізді.

Жастармен жұмыс жөніндегі маман Хакимов Асқар («Қостанай облысы жастар ресурстық орталығы» КММ) Қостанай облысынан еріктілердің қалай жасақталғаны және олардың Астанада қалай жұмыс істегендері туралы айтып берді.

 Еріктілер Ботагөз Аманжолдың, Құрымбай Тұрсынайдың, Ағыбаева Әсемнің өздерінің «ЕХРО-2017» көрмесінің түрлі павильондарында атқарған жұмыстары жайлы, шетелдіктермен кездесулері туралы, олардың қонақтар мен шетелдік туристердің ерекше қызығушылығын тудырған Қазақстандық «НұрӘлем» павильоны жайындағы әсерлері туралы әсерлі әңгімелері бірде-бір тыңдаушыны бейжай қалдырмады.

Шараға қатысқан, оқуға түсулеріне байланысты көрмені тамашалап қайтуға мүмкіндіктері болмаған медицина колледжінің бірінші курс студенттері көптеген құнды және қызықты ақпаратқа қанық болды. 

                Ал  вокалшылар Молдашева Жәмила мен Қуанышбек Ернұрдың Қазақстан туралы орындаған әндері шараның эмоциялық жағын толықтыра түсті.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ