Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
"Россыпи родных степей"
21.04.2017

16 сәуірде Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада құрастырушы автор және баспагер Әбутәліп Әмірдің «Россыпи родных степей» атты көркем жинағының тұсаукесері өтті.

Жинаққа негізінен Қостанай облысының орыс тілді әдебиетшілерінің соңғы жылдары жазған шығармалары енгізілген. Кітапқа сондай-ақ қазақ ақындарының орыс тіліне аударылған өлеңдері де кірген. Танымал жазушылардың шығармаларымен қатар кітапта жас авторлардың туған жер, махаббат пен достық, мейірімділік пен адамгершілік тақырыбындағы жұмыстарына да орын берілген. 

Тұсаукесерге Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы мен Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры Д.Т. Дүйсебаева, сонымен қатар шығармалары жинаққа енген авторлар, облысқа белгілі жазушылар, әдебиетті ұнатушылар, шығармашылық зиялыларының өкілдері қатысты. 

Сөз сөйлегендер Әбутәліп Әмірге атқарып жатқан жұмысы үшін, бастамашылдығы үшін алғыстарын білдіріп, өңіріміздегі көркем кітап шығарудың мәселелері мен болашағы жайындағы ойларын ортаға салды.

Шара соңында Әбутәліп Әмір жинақта аты аталғандардың әрқайсына басылымның авторлық даналарын табыс етті.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ