2017 жылдың 24 ақпанында Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК
«Мамандық әліппесі» кездесулер циклі аясында шара болып өтті. Кездесуге №11 ОМ
11 сынып оқушылары шақырылса, қонақ ретінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев ат. Қостанай академиясының оқытушысы,
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Александр Валерьянович
Видершпан, сондай-ақ академияның курсанттары – 2 курс студенттері шақырылды.
Әңгіме барысында балалар полиция мамандығы жайында көптеген қызықты
мәліметтерге ие болды, сондай-ақ Академияға түсу және оқу тәртібі туралы
ақпарат алды. Курсанттар оқудың, дайындықтың және сабақтың қалай өтетіні туралы
айтып берді.