Әмбебап оқу залында Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің Әз-Наурыз» атты кітап көрмесі безендірілді.
Наурыз ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылды қарсы алу ғана емес, бұл сондай-ақ көктемнің, ояну мен жаңарудың да мерекесі. Көрмеге қойылған материалдарды тамашалау барысында Наурызға арналған мерекелік құттықтаулар мен тілектерді, әндер мен өлеңдерді, сценарийлерді таба аласыздар, қазақ халқының салтымен және дәстүрімен таныса аласыздар.