22 ақпан күні
сағат
Қаңтарда кездесуге келген қонағымыз 75 жасқа толды. Аталған мерейтойын маэстро авторлық концертімен атап өтті, оған қатысқан облыстың ең үздік әртістері мен музыканттары автордың шығармаларын орындады. Кітапханада өткен кездесу-кешіне композитормен әңгімелесу үшін халық музыкасын ұнатушылар, оның достары, сондай-ақ «Рябинушка» музыкалық клубының мүшелері келді. Кездесу барысында Сергей Александрович шығармашылық жайындағы, музыканың тұлғаны қалыптастыруға әсері жайындағы, оның жас ұрпаққа тигізер ықпалына қатысты сұрақтарға жауап берді. Композитор кітапханаға өзі шығарған шығармалардың нотасы түсірілген бірнеше жинақты тарту етті.
Шара барысында композитордың шығармашылығы жайында бейнеролик көрсетіліп, «Рябинушка» халық хоры бірнеше музыкалық шығарма орындады. Кездесуге арналып «Музыка халықтың жан дүниесі» атты кітап көрмесі безендірілді.