Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Spelling bee» әріптеп оқу байқауы
13.02.2017

12 ақпан күні «Үш тұғырлы тіл» мәдени бағдарламасы аясында, сондай-ақ Америка құрама штаттары мен Қазақстан Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдық құрметіне «Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК» КММ «Америка бұрышы» АРО ағылшын тілін меңгерген қазақстандық оқу орындары студенттерінің арасында «Spellingbee» әріптеп оқу байқауы өтті. 

Шараның өтуіне Қазақстандағы АҚШ елшілігі мұрындық болды. Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырылған байқау қазақстандық жастар арасында ағылшын тілі мен ағылшын мәдениетін насихаттауға бағытталған.  

Қазылар құрамы: Кэтрин Марсичек (АҚШ елшілігінің өкілі), Жанар Кулжаева (тәуелсіз байқаушы), Джеф Грант, Патрисия Комте (Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері) және Елена Божко (мұғалімдерге арналған америкалық бағдарламаның түлегі, Затобол мектеп-гимназиясының мұғалімі).

Байқауға 39 қостанайлық студент қатысты, Қазақстанның басқа қалаларында бұл көрсеткіш едәуір аз болды.

Байқаудың жеңімпазы болғандар: 1 орын – Оразбаева Айгүл, ҚМПИ 4 курс студенті, 2 орын – Өткелбаев Жәнібек, ҚМПИ 2 курс студенті, 3 орын –  Жаркенова Дильназ, Қостанай автомобиль көліктері колледжінің 1 курс студенті.

Бірінші орын үшін берілген сыйлық – iPadtouch, 2 және 3  орындар үшін берілген сыйлық - I Shaffle.

Жүлделі орындарға ие болған студенттер 4 наурызда Астанада өтетін финалдық байқауға қатысатын болады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ