Сирек кітаптар қоры Қаз КСР еңбек сіңірген кітапханашысы Анна Павловна Вертинскаяның (1921-1992 жж.) туғанына 95 жыл толуына орай «Міндетіне деген адалдық» көрмесін дайындады.
Көрмеге А.П.Вертинскаяның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, соғыстан кейінгі қалпына келтіру және тың көтеру кезеңдегі жұмыстары жайында баяндайтын фотоқұжаттық материалдар мен жеке заттары қойылған. Фотосуреттерде кітапхана қызметкерлерінің госпитальдардағы, авиамектептің кітап беру пунктіндегі, 507-а зауытындағы, сондай-ақ Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жаңа ғимаратының құрылысы кезіндегі жұмыстары бейнеленген.
Кітапхананы пайдаланушылар ұсынылып отырылған мерейтойлық көрмемен «Жаңа кітаптар» бөлімінде таныса алады.