М.Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсының қойылғанына 70 жыл және М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылғанына 90 жыл толуына арналған «Мәңгілік мұралар» элегия кеші
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі 6 желтоқсанда Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жиналыс залында ҚР ІІМ оқу орталығының тыңдаушылары мен кітапхана оқырмандары үшін «Мәңгілік мұралар» элегия кешін өткізді. Шара М.Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсының қойылғанына 70 жыл және М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылғанына 90 жыл толуына арналды.
Мұқан Төлебаев – қазақтың ХХ ғ. ұлы композиторы, КСРО және ҚазКСР халық әртісі, Кеңестер одағының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның кәсіби музыкалық өнерінің қалыптасуы және дамуы оның есімімен тығыз байланысты.
«Біржан-Сара» операсы – қазақ музыкасы үшін ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның барлық көп ұлтты мәдениеті үшін де ерекше құбылыс. Операның басты кейіпкерлері – Көкшетау өңірінің тумасы, қазақ халқының әншісі Біржан мен өз өмірін ақындық пен әнге арнаған Жетісу өлкесінің перзенті, ақын Сара.
«Еңлік-Кебек» – қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың тұңғыш және ең ерте жазған шығармасы. Пьеса екі жастың қайғылы тағдыры жайындағы халықтың аңызына негізделген, бұл – жас жігіт Кебек пен жас сұлу Еңліктің махаббаты жайында, олардың қайғылы қазаға ұшырауына себеп болған қатал дәстүр туралы баяндайтын қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық поэмасы.
Шараға келушілер композитор М.Төлебаев пен драматург М.Әуезов жарыққа шығарған опера және халық шығармашылығының жауһарларымен сусындап, әуенінен өмірдің қатал заңы көрініс тапқан шығармалардан үзінді тыңдады.