Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Даналық мерекесі
30.09.2016

1990 жылы БҰҰ Халықаралық ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні ретінде бекіту туралы шешім қабылдайды.  Жыл сайын қоңыр күздің алғашқы күні біз бізбен қуанышын бөлісер, қиын сәтте жанымыздан табылып сүйеу болар, мұңымызды түсініп, қатемізді кеше білер жандарға құрмет көрсетеміз.

Мейірімділік мерекесі деуге болатын бұл шарадан сырт қалмаған Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхана да кітапхана ісінің ардагерлері үшін әзілдері мен әндері және сыйлығы бар «Даналық мерекесі» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.  Биылғы жылдың мерейтой иелері үшін ерекше сыйлықтар – әдемі ұлттық қамзолдар дайындалды. Ешкім күтпеген көңілді тартулар да орын алды – ардагерлерді құттықтау үшін таудан асып Қытайдан арнайы қонақтар келді.

Концертен кейін мерекелік дастарқан басында бас қосқан ардагерлер атқарылған міндеттер мен істелген істерді, есте қалған ерекше оқиғаларды, бірге болған әріптестерін еске алысты.

Өмірде әрқайсымызға тікелей қатысты, жүрегіңді тебіренттер мерекелердің бар екендігі белгілі.  Қарттар күні – осындай мерекелердің бірі. Бұл күн ерлігі мен еңбегіне таң қалатын аға буын ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсететін күнге айналды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ