Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әдеби телекөпір
14.03.2016

«Әдеби телекөпір» жобасының аясында қонақжайда Кстово қ. (Нижнегород обл. РФ) кітапханасының әдеби орталығымен виртуалды телекөпір өткізілді. 

Телекөпірдің жұмысына П.П.Штатнов ат. Нижнегород өлкесінің Жазушылар орталығының меңгерушісі Н.В.Калачева, журналист, жазушы, Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Суретшілер, журналистер, ресейлік әдебиетшілер, жазушылар, театр қайраткерлері одағының мүшесі С.П.Чуянов, Жазушылар орталығының өлкетану секторының меңгерушісі, ақын, Ресей Жазушылар одағының мүшесі М.Шувалова, Ресей Жазушылар одағының Нижнегород бөлімі басқармасының төрағасы О.В.Захаров, ақын, прозашы, Ресей Жазушылар одағының мүшесі О.А.Рябов қатысты.

Біздің орталықтан шараға қостанайлық белгілі авторлар: социология ғылымдарының докторы С. В. Харченко, филология ғылымдарының кандидаты А. Қ. Шаяхмет, ақын, баспагер А. В. Тарасенко, ақын, аудармашы Ә. С. Досов, ақын, ҚР білім беру ісінің үздігі   А. И. Суслова, жас ақын Ю. Вовк пен «Шаңырақ» әдеби клубының (Қарасу ауд.) мүшелері қатысты . 

Әдеби орталықтардың жұмыс тәжірибелері, жастармен жұмыс істеу, әдеби жобалар бойынша пікір алмасу болды. Шара барысында авторлар өздерінің өлеңдерін оқыды.

Қатысқандар «Әдеби телекөпір» секілді жобалардың Қазақстан мен Ресей кітапханаларының кәсіби ынтымақтастығын дамытуға елеулі үлес қосатындығын және осындай жұмыстардың жалғасын таба беретіндігіне сенім білдірісті. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ