Өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Кітапхана түні-2015» акция аралығында барлық тілек білдірушілерді «Шеберлер орамына» шақырды. Қостанайлық белгілі суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлері портрет салу, киіз басу, энкаустика – ыстық балауызбен сурет салу техникасы және қазіргі заман қолөнерінің жаңа техникалары бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Әр адам өзінің жанына жақын жұмысты таңдап алып, өзінің «ерекше туындысын» жасай алады, тәжірибе алмасып, кеңесімен және ісімен көмектесе алады.