Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлтқа қызмет – ұлы мұрат»
03.06.2026
3 маусым күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясымен «Premium Palace» мейрамханасында бірлесіп ұйымдастырған «Бірлікке бастаған қос тұлға» атты мерекелік іс-шара аясында «Ұлтқа қызмет – ұлы мұрат» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шара ғалым-агроном, мемлекеттік қызмет ардагері, Қостанай облысы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Бағытұр Әлімбайұлы Дәндібаевтың 75 жас мерейтойы мен халық ағарту ісінің үздігі, философия ғылымдарының кандидаты, этнограф, қоғам қайраткері Қалқаман Хасенұлы Жақыптың 80 жас мерейтойына арналды. Кездесуге қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, ардагерлер мен жастар қатысты.
Кітап көрмесінде Бағытұр Әлімбайұлы Дәндібаев пен Қалқаман Хасенұлы Жақыптың ұзақ жылғы қоғамдық жұмысы мен өмір жолын танытатын кітаптар, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, өлкетану әдебиеттері, сондай-ақ мерейтой иелерінің елеулі еңбегі мен жоғары жетістіктерін айғақтайтын марапаттары, төсбелгілері, алғыс хаттары және басқа да құнды деректер көпшілік назарына ұсынылды. Көрме келушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, олардың өмірі мен қызметі туралы жан-жақты мағлұмат алуға мүмкіндік берді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП