Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК
мақсаты кітапханалардың көпшілік шараларын белсенді ете отырып жаңа үлгілер мен
жұмыс әдістерін жетілдіру, жаңа технологиялар мен инновацияларды қолдану болып
табылатын облыстық фестиваль-байқауының I
кезеңі өз мәресіне жетті.
Арқалық қ. ОКЖ қоспағанда
(байқауды селолық кітапханашылар арасында өткізіп жатыр) байқауға 19
орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қатысты.
Байқау барысында тұлғаның
шығармашылық және рухани дамуының еркін жағдайлары жасалды, кітапханашылардың
эстетикалық талғамдары, шығармашылық жетістіктері анықталды. Жалпы алғанда кітапханалардың көпшілік
шаралары қарқын алды, жұмыстардың жаңа түрлері мен әдістері енгізілді.
Фестиваль-байқауды қорытындылай келе
кітапханашылар өмірдің әр саласынан қашанда инновациялық ізденіс үстінде деп
айтуға толық негіз бар.
Комиссия,
шаралардың сапасы мен мазмұнын қорытындылай келе, шаралар арқылы
кітапханашылардың кәсіби санаты мен театрлық шеберлігін бағалады. Осылайша,
байқау өскелең ұрпақтың ҰОС тарихына деген қызығушылығын тудыруға; халықтың соғыстағы батырлықтары мен еңбектегі
ерліктерін есте сақтауға, жастар арасында соғыс туралы әдебиеттерді
насихаттауға көмегін тигізді.
Ең жақсы шаралар:
- «Моя семья – часть истории моей родины» шарасы «Отбасымда
сақталған соғыс жайындағы естеліктер» номинациясы бойынша (Қостанай қалалық ОКЖ) - 150
балл
- «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте
сақталады» (көрініс) «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл» номинациясында (Жангелді ОКЖ) – 150 бал
- «Память сердца» - әдеби-сазды экскурс «Отбасымда
сақталған соғыс жайындағы естеліктер» номинациясы бойынша (Рудный ОКЖ) - 149
балл
- «Бессмертен тот,
Отечество кто спас» - әдеби-сазды сағат «Әскери достық пен жауынгерлік
бауырластық – жеңістің жарқын бейнесі»
номинацясында (Науырзым ОКЖ)- 141 балл
- «Остался в сердце вечный след войны» шарасы «Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы тыл» номинациясында (Денисов ОКЖ) – 137 балл
- «След войны в моем доме» шарасы «Отбасымда сақталған
соғыс жайындағы естеліктер» номинациясы бойынше (Қостанай ОКЖ) – 137 балл
болып табылды.
Бұл фестиваль-байқаудың екінші кезеңіне өткен
жеңімпаздардың іс-шаралары.
Жинаған
ұпай сандары бойынша кітапханалар жүйесі келесі қалыпта: 136 балл – Жітіқара ОКЖ 135 - Алтынсарин және Федеров
ОКЖ 134 - Меңдіқара ОКЖ 129 - Қарабалық және Лисаков ОКЖ 126 - Қарасу ОКЖ 121 -Әулиекөл ОКЖ 116 - Таранов ОКЖ 113 - Сарыкөл ОКЖ 110 – Амангелді ОКЖ 100 – Қамысты ОКЖ 96
- Ұзынкөл ОКЖ
Фестиваль-байқаудың
екінші кезеңі қазанда өтеді.
Байқау
ұйымдастырушылары бұл облыстық орталықтағы және мәдениет саласындағы атаулы
оқиға болады деген сенімде.
Біз «Жеңіс даңқы арта берсін» атты көпшілік шаралардың облыстық
фестиваль-байқауының Iкезең жеңімпаздарын
құттықтаймыз және барлық кітапхана қызметкерлеріне байқауға белсене ат
салысқандары үшін алғыс айтамыз! |