Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Халқын оятқан қаламгер
26.11.2025
26 қараша күні «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК-нда Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Рухқа толы жалын жырлары» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Іс-шара аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Халқын оятқан қаламгер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мазмұны бай бөлімдерден тұратын көрмеде жазушының өмірбаяны, оның шығармашылық мұрасы, сондай-ақ Міржақып Дулатұлының өмір жолы мен тұлғалық келбетін ашатын материалдар жан-жақты ұсынылған. Көрмені тамашалаған қатысушылар назарына ұсынылған кітапхана қорындағы басылымдар мен зерттеу еңбектері қаламгер тұлғасын тереңірек тануға мол мүмкіндік берді.
Міржақып Дулатұлының есімі мен еңбегін ұлықтауға бағытталған бұл игі іс-шара жас буынның тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ