«Табиғат тазалығы – халықтың саулығы»
24.11.2025
Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Табиғат тазалығы – халықтың саулығы» атты экопанорама өтті. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өткізілген іс-шара студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналды.
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК қызметкерлері «жасыл» тұжырымдамасы туралы айтып берді және Қостанай өңірінің өзекті экологиялық мәселелерін қарастырды. Әңгіме және пікірталас барысында оқушылар планетаны сақтау және табиғатқа жауапкершілікпен қараудың негізгі мәселелерін белсенді талқылады. Кітапханашылар іс-шара бағдарламасына қосымша тақырыптық бейнероликтер мен таныстырылымдар дайындады. Кездесу соңында студенттер экологиялық викторина мен интерактивті ойынға қатысу арқылы алған білімдерін бекітті.