«Қазақ тілі және мәдениет»
24.11.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 38 мекемесі» РММ-нде «Қазақ тілі және мәдениет» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара қатысушыларды қазақ халқының дәстүрлерімен, мәдениетімен және тілімен таныстыруға бағытталды. Кітапханашылар Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасын таныстырып, салт-дәстүрлер, ұлттық құндылықтар, сондай-ақ қазақ тілінің негіздері туралы айтып берді.
Кездесу барысында қазақ халқының мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тақырыптық материалдар, кітаптар мен мультимедиялық ресурстар көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар ой-өрісті кеңейтуге, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды дамытуға, мәдениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға және құндылық бағдарларын қалыптастыруға ықпал етеді.