«Александр Затаевич: жыр жауһарларын жинаушы»
21.11.2025
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Қазақ халқының 1000 әні мен күйі» жинағының 100 жылдығына арналған «Александр Затаевич: жыр жауһарларын жинаушы» атты бір кітаптың көрмесіне шақырады.
Көрмеде «1000 песен и кюев казахского народа» жинағының басылымы, ауылдарда және фольклорлық кездесулерде әндер мен күйлердің қалай тырнақтап жиналғаны туралы материалдар, хаттар, фотосуреттер, замандастарының естеліктері, Затаевич туралы сирек басылымдар мен жарияланымдар ұсынылған. Көрменің көрнекті жеріне 1925 жылы жарық көрген бірегей бірінші басылым – ондаған жылдар бойы жүргізілген далалық экспедициялардың, ақындармен, жыраулармен, домбырашылармен кездесулердің нәтижесі қойылған.
Александр Затаевичтің жанқиярлық жұмысының арқасында алғаш рет ғасырлар бойы тек құймақұлақ күйшілер мен әншілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келе жатқан қазақ халық әуендері қағазға түсірілді, түсіндірілді және мәңгілікке сақталып қалды.
Көрме оқырмандарға қазақтың жан дүниесі жүз жыл бұрын нені жырлағанын, нені армандағанын еске түсіруге, тыңдауға және сезінуге мүмкіндік береді.