Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
19.11.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ оқушылары үшін қызықты экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында жас қонақтар кітапхана ережелерімен және оның қызметтерімен танысты. Балалар қандай кітаптарды үйге алуға болатынын, қайсысын тек оқу залында оқуға болатындығын, сонымен қатар каталогты қалай пайдалану керектігін, қажетті басылымдарды қалай тез табуға болатындығын білді.
Экскурсия қызықты және танымдық жағдайда өтті: балалар алғаш көрген кітаптарын үлкен қызығушылықпен парақтады, әдебиет әлемі туралы ақпарат алды. Бұл оларды кітапханамен ары қарай танысуға және кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін оята отырып кітапханаға тұрақты келіп тұруға ынталандырды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ