«Жүрегімен сезетін жандар»
13.11.2025
13 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай филиалының облыстық басқармасымен бірлесе отырып Халықаралық соқырлар күнін мерекелеу аясында «Жүрегімен сезетін жандар» атты концерттік бағдарлама өткізді.
Бұл күн мәңгілікке көру қабілетінен айырылған және қоғам тарапынан ерекше күтімді қажет ететін жандарға басқалардың назарын аударуға арналған. Дәстүр бойынша бұл күні жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен Ақ таяқ айлығы қорытындыланады.
Биылғы Халықаралық соқырлар күні де әдеттегідей үміт пен жылулыққа толы шынайы тілектермен, әсерлі концерттік бағдарламамен және естелік сыйлықтармен есте қалды.