Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Бегалин: жас ұрпаққа шабыт берген жан»
12.11.2025
Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Бегалин: жас ұрпаққа шабыт берген жан» атты бір автордың көрмесі дайындалды.
Көрме оқырмандарды оның әдеби мұрасымен және Қазақстанның балалар әдебиетінің дамуына қосқан елеулі үлесімен таныстырады. Көрмеде автор қазақ балаларының әлемін, олардың мінездерін, күнделікті өмірі мен армандарын асқан жылулықпен және шынайылықпен сипаттаған «Бала Шоқан», «Жамбыл», «Сахара сандуғаштары», «Шоқан Уәлиханов» шығармаларына ерекше назар аударылды. Бұл кітаптар жылулыққа, мейірімділікке және туған жерге деген сүйіспеншілікке толы балалық шақ әлемін ашады. Көрмені қосымша материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар толықтырады.
2025 ж. 12.11 – 27.11 аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ