«Барлығын білетін басылымдар»
11.11.2025
Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Халықаралық сөздіктер мен энциклопедиялар күніне орай «Барлығын білетін басылымдар» көрме-қарауын дайындады.
Көрмеге арасында классикалық және заманауи дереккөздер бар әртүрлі сөздіктер мен энциклопедиялар: «Қазақ сөздігі», «Энциклопедический справочник: литература казахстана», «Энциклопедия символов, знаков, эмблем», «Энциклопедический справочник: топонимика казахстана», М. Свиридова «Этимологический словарь современного русского языка», «Айбын энциклопедия» және т.б. қойылған.
Көрме оқушыларға, студенттерге, оқытушыларға, сондай-ақ жаңа нәрселерді үйренуді ұнататын және өзін-өзі дамытуға ұмтылатындардың барлығы үшін қызықты болады.
11 және 27 қараша аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.