«Инклюзивті білім: тарих және қазіргі заман»
10.11.2025
Инклюзивті білім беру – қазіргі педагогиканың маңызды бағыты. «Инклюзивті білім: тарих және қазіргі заман» кітап көрмесі осы маңызды мәселеге арналған.
Көрмеде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік және анықтамалық әдебиеттер ұсынылған: Голиков Н. «Ребенок-инвалид: обучение, развитие, оздоровление. Дети с особой миссией», «Реформа системы образования и интернационализация: кейс школьной реформы в Казахстане», Касен Г. «Арт-педагогика и арт-терапия в инклюзивном образовании», Магауова А. «Деятельность социального педагога в условиях инклюзивного образования», Гайченко С. «Игровые коммуникативные технологии в условиях инклюзивного образования».
Көрме педагогтарға, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, инклюзия саласындағы мамандарға, ата-аналарға, сондай-ақ заманауи білім беру практикасына қызығушылық танытатын және әркім үшін ашық қоғам құруға ұмтылатындардың барлығына қызықты болады.
10 және 27 қараша аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.