«AI + Библиотека = новые горизонты» оқыту курсы
30.10.2025
2025 жылғы 30-31 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңірдің кітапхана мамандары үшін «AI + Библиотека = новые горизонты» тақырыбымен оқыту курстарын ұйымдастырды. Бастама өмірдің барлық салаларына, соның ішінде кітапхана жұмысына жасанды интеллектті белсенді енгізу қажеттігі атап көрсетілген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын орындау шеңберінде іске асырылды.
Курстың спикерлері Астана қаласынан шақырылған мамандар – Нұржан Жолдыбалинов пен Самир Керімов. Олар кітапхана жұмыстарында жасанды интеллект технологияларын қолданудың заманауи тәсілдері мен практикалық мысалдарын көрсететін болады. Аталған іс-шара Қостанай облысының кітапханалары кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін аша отырып және кітапхана ісін цифрлық түрге ауыстыра отырып дәстүрлер мен инновацияларды сенімді үйлестіре білетінін көрсетеді.
Курс аяқталғаннан кейін кітапхана мамандарына сертификаттар берілетін болады.