Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлттық ақша – тәуелсіздік айғағы»
28.10.2025
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы «Ұлттық ақша – тәуелсіздік айғағы» атты тақырыптық кітап көрмесін көруге шақырады.
Көрмеде ұлттық валютаны енгізудің негізгі кезеңдерін, оның экономиканы нығайтудағы және тәуелсіз Қазақстанның қаржы жүйесін қалыптастырудағы рөлін көрсететін кітаптар, журнал мақалалары, талдамалық материалдар мен ғылыми-танымал басылымдар ұсынылған.
Оқырмандар алғашқы ақшалар мен тиындарды шығару кезінде орын алған қызықты оқиғалармен таныса алады, елдің қаржылық тәуелсіздігін қалыптастырудағы көрнекті экономистер мен саяси қайраткерлердің рөлі туралы біле алады.
Қазақстанның ұлттық валютасы және оның мемлекеттің бірлігі, тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылығының символы ретіндегі маңызы туралы білімдеріңізді толықтыру үшін баршаңызды көрмемен танысуға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ