Экскурсия
23.10.2025
23 қазан күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері үшін шолу экскурсиясы өтті.
Экскурсия барысында қатысушылар кітапхананың әртүрлі бөлімдерінің: көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімнің, өнер туралы әдебиеттер бөлімінің, абонементтер бөлімінің, өлкетану әдебиеттері бөлімінің, сирек кітаптар мұражайының, әмбебап оқу залының және «Америка бұрышы» ақпараттық-ресурстық орталығының жұмысымен танысты.
Кітапхана қызметкерлері студенттерге әр бөлімнің жұмыс ерекшеліктері, кітапхана қорын пайдалану ережелері және кітапхананың оқырмандарға қандай пайда беретіні туралы айтып берді.
Кездесу соңында студенттер кітапхана ұжымына қызықты және танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.