Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
23.10.2025
23 қазан күні Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК-да Қостанай қаласының «Білім академиясы» балалар студиясының 1-ші сынып оқушылары үшін таныстыру экскурсиясы өтті.
Экскурсия аясында оқушылар кітапхананың тарихымен, оның құрылымымен және жұмысының негізгі бағыттарымен танысты. Балалар негізгі бөлімдерде: әмбебап оқу залында, абонементтер бөлімінде, өлкетану әдебиеттері бөлімінде, өнер турал әдебиеттер бөлімінде, сондай-ақ сирек кітаптар мұражайында болды. Кітапхана қызметкерлері балаларға әр бөлімнің функциялары, кітапхана қорын пайдалану ережелері және кітаптарға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Республика күні қарсаңында оқушыларға әмбебап оқу залының қызметкерлері дайындаған «Қазақстан жаңа жаһандық ортада: өсу, реформалар және даму» атты тақырыптық кітап көрмесі көрсетілді.
Оқушылар жарқын әсер мен жаңа білім алды және кітапханаға оқырман ретінде қайта келуге ниет білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ