«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем»
21.10.2025
21 қазанда «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ҚОМОО» МКҚК Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбымен әңгіме сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты отаншылдық сезімін нығайту және осы маңызды мемлекеттік мерекенің тарихымен және маңыздылығымен таныстыру болды.
Әңгіме сағаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын салтанатты орындаудан басталды. Жүргізушілер қонақтарға Республика күнінің тарихи маңыздылығы, егемен Қазақстанның қалыптасу жолы туралы айтып берді. Бөлімнің тұрақты оқырмандары көрермендерді қазақ халық әндерін орындауымен қуантты.
Кездесу соңында қонақтар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға зор ризашылықтарын білдірді.