«Республика күні: тарих, мәдениет, болашақ»
20.10.2025
20 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК Республика күнін мерекелеу аясында Қостанай гуманитарлық колледжінде «Республика күні: тарих, мәдениет, болашақ» тақырыбында шағын сауалнама жүргізді.
Іс-шараның басында кітапхана мамандары студенттерді мереке тарихымен таныстырды, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы әңгімеледі, сондай-ақ ел тарихындағы Республика күнінің маңыздылығын көрсететін бейнематериалды көрсетті.
Соңында тарихи оқиғалар мен осы күннің маңыздылығына арналған шағын сауалнама жүргізілді. Оған қызығушылықпен қатысқан студенттер өз білімдерін тексеруге және тереңдетуге тырысты.