«Қазақстан жаңа жаһандық ортада: өсу, реформалар және даму»
17.10.2025
Республика күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№40 мекемесі» РММ-нің қызметкерлері үшін «Қазақстан жаңа жаһандық ортада: өсу, реформалар және даму» кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар осы мемлекеттік мерекенің тарихымен және маңыздылығымен танысты, тақырыптық бейнероликтерді көрді және Қазақстанның егемендік алғаннан бастап елдің тұрақты дамуы мен өркендеуіне бағытталған заманауи реформаларды іске асыруға дейінгі жолын бейнелейтін басылымдармен толығырақ танысуға мүмкіндік алды.
Жүргізілген шолу кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, ой-өрісті кеңейтуге және ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраның маңыздылығын түсінуге ықпал етті.