Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қолжетімді орта: қазіргі үрдістер»
15.10.2025
15 қазанда Әмбебап оқу залы қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жобасы аясында «Қостанай колледжі» мекемесінің студенттері үшін «Қолжетімді орта: қазіргі үрдістер» атты әңгіме-пайымдау өткізді.
Іс-шара жастарды мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ортаның қолжетімділігі мәселелеріне тарту, қоғамның әрбір мүшесі үшін жауапкершілік пен құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар қоғамдағы оң өзгерістерден мысалдар келтірді, мүгедектігі бар адамдар кездестіретін кедергілерді, әр азаматтың жағдайға әсер ету мүмкіндіктерін, сондай-ақ кедергісіз орта құрудың заманауи технологиялары мен шешімдерін талқылады.
Әңгіме инклюзия тақырыбына және мүгедектердің құқықтарына арналған бейнематериалмен және кітап көрмесімен сүйемелденді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ