«#ОқыЖәнеЖең»
15.10.2025
2025 жылдың 15 қазанында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттерімен ақпараттық үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шара барысында студенттер IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауына қатысу шарттарымен таныстырылды.
Кітапхана қызметкерлері өтінімдерді беру тәртібі мен байқауды өткізу кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Кездесуге келгендер ақпаратты мұқият тыңдап, сұрақтар қойды және қатысуға қызығушылық танытты.
@kakk_edu.kz