Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстан жаңа жаһандық ортада: өсу, реформалар және даму»
13.10.2025
13 қазанда Әмбебап оқу залында Республика күніне орайластырылған «Қазақстан жаңа жаһандық ортада: өсу, реформалар және даму» атты ақпараттық кітап көрмесі ашылды.
Көрме тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының тарихи жолын, сондай-ақ заманауи жетістіктер мен жаһандық сын-қатерлер жағдайында жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді көрсетеді. Көрмеге келушілер негізгі саяси және экономикалық реформаларға, стратегиялық бастамаларға, ғылыми зерттеулерге және Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы рөлі туралы талдамалық жарияланымдарға арналған әдебиеттермен таныса алады.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Баршаңызды қазіргі Қазақстанның өсу және даму динамикасын көрсететін материалдармен танысуға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ