«#ОқыЖәнеЖең»
13.10.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК қызметкерлері Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттерін IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауына қатысу шарттарымен таныстыру бойынша ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында байқаудың мақсаттары, өтінім беру тәртібі туралы айтылды, сондай-ақ оны өткізу кезеңдері баяндалды.