«Өшпес ерлік»
10.10.2025
2025 жылы Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған мергені Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады.
Осы маңызды күннің құрметіне оқырмандар назарына Әлия Молдағұлованың өмірі, ерлігі және мұның тарихи маңызы жайында әңгімелейтін «Өшпес ерлік» атты әдебиеттің ұсынымдық тізімін ұсынамыз. Жинақта замандастарының естеліктері, өмірбаяндық очерктер, көркем шығармалар мен мақалалар ұсынылған.
Материалдар оқытушыларға, студенттерге, оқушыларға, сондай-ақ Әлия Молдағұлованың ерлігіне қызығушылық танытқандардың барлығына пайдалы болады.