Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы әдеби сапар
10.10.2025
10 қазанда өңірге ресми сапармен келген белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына бас сұқты. Кездесу барысында қонақ емен-жарқын жағдайда кітапхана ұжымымен әңгімелесіп, кітап қорымен танысты және осындай мәдени-ағарту орталықтарының кітап оқу мәдениетін дамытудағы және рухани құндылықтарды сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.