Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Сан өнердің тарланы»
09.10.2025
9 қазанда «IQostanay» оқушылар сарайында белгілі қостанайлық ақын, аудармашы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағы мен әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, Қостанай қаласы мен Қостанай облысының құрметті азаматы Серікбай Оспановтың 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Тобыл ағады» атты шығармашылық кеш өтті.
Кеш аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Сан өнердің тарланы» атты кітап көрмесін ұсынды. Көрме арасында автордың әдеби және ғылыми еңбектері де қойылған кітапхана қорының материалдары негізінде рәсімделді. Көрмеде поэтикалық жинақтар, аудармалар, әр жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген ғылыми жұмыстар, мақалалар мен жарияланымдар ұсынылды. Сондай-ақ келушілер ақынның шығармашылық жолын көрсететін марапаттар мен медальдарды көруге мүмкіндік алды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ