«Халқын оятқан қаламгер»
08.10.2025
8 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ халқының көрнекті перзенті – ақын, жазушы, публицист және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Халқын оятқан қаламгер» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
Іс-шараға атақты жерлесіміздің шығармашылығы мен қоғамдық қызметі туралы өз ойларымен бөліскен белгілі жазушылар мен педагогтар қатысты. Жоғары оқу орындарының студенттері оның өлеңдерін оқыды. Қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеу және тарихи жадыны сақтау үшін көрменің маңыздылығын атап өтті.